Омнадрен в растворе — инструкция по применению

Инструкция по применению омнадрена в растворе, описание действия препарата, показания к применению раствора омнадрена, взаимодействие с другими лекарствами, применение омнадрена (раствор) при беременности. Инструкции:
Торговое название: Омнадрен® 250
Международное название: Тестостерон
Лекарственная форма: Раствор для внутримышечных инъекций, 1 мл
Показания к применению:
Атс классификация:
G Средства, влияющие на мочеполовую систему и половые гормоны
G03 Гормоны половых желез и препараты, применяемые при патологии половой сферы
G03B Андрогены
G03B A Производные 3-оксоандростена (4)
Фарм. группа:
Половые гормоны и модуляторы половой системы. Андрогены. Производные 3-оксоандростена. Тестостерон. Код АТХ G03BA03
Условия хранения:
Хранить при температуре не выше 25°C в защищенном от света месте. Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения:
3 года. Не применять по истечении срока годности.
Условия продажи: По рецепту
Описание: Прозрачная, маслянистая жидкость светло-желтого цвета

Состав омнадрена в растворе

1 мл раствора содержит
1 мл ерітіндінің құрамында

Активное вещество омнадрена

тестостерона пропионат 30 мг, тестостерона фенилпропионат 60 мг, тестостерона изокапронат 60 мг, тестостерона капринат 100 мг
30 мг тестостерон пропионаты, 60 мг тестостерон фенилпропионаты, 60 мг тестостерон изокапронаты, 100 мг тестостерон капринаты

Вспомогательные вещества в омнадрене

спирт бензиловый, масло арахисовое
бензил спирті, арахис майы

Показания к применению раствора омнадрена

Препарат предназначен для субституционного лечения мужчин с синдромом недостаточности половых желез.
  • гипогонадизм (задержка полового созревания, евнухоидизм, анорхизм, синдром Кляйнфельтера, атрофия семенных желез)
  • импотенция, вызванная дефицитом тестостерона
  • посткастрационный синдром
  • бесплодие при нарушении сперматогенеза (олигоспермия, азооспермия)
В исключительных случаях препарат применяется у женщин при заболеваниях, связанных с гиперэстрогенизмом.
Препарат жыныс бездері жеткіліксіздігі синдромы бар еркектерде субституциондық емге арналған.
  • гипогонадизмде (жыныстық пісіп-жетілудің кідіруі, евнухоидизм, анорхизм, Кляйнфельтер синдромы, атабездердің атрофиясы)
  • тестостерон тапшылығынан болған импотенцияда
  • кастрациядан кейінгі синдромда
  • сперматогенез бұзылғанда (олигоспермия, азооспермия) болатын белсіздікте
Сирек жағдайларда препарат әйелдерде гиперэстрогенизммен байланысты болатын аурулар кезінде қолданылады.

Противопоказания омнадрена в растворе

  • повышенная чувствительность к тестостерону и вспомогательным компонентам препарата
  • гиперкальциемия и гиперкальциурия
  • нарушения функции печени и почек
  • препубертатный период у мальчиков и пожилой возраст мужчин
  • беременность и период лактации
  • хроническая сердечная недостаточность, инфаркт миокарда в анамнезе
  • астеническое телосложение, распространенный атеросклероз
  • гипертрофия предстательной железы с симптомами нарушения мочеиспускания
  • рак предстательной железы (подозреваемый или диагностированный) или рак грудной железы у мужчин
  • тестостеронға және препараттың қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық
  • гиперкальциемия және гиперкальциурия
  • бауыр және бүйрек функциялары бұзылуы
  • ұл балалар және егде жастағы еркектердегі препубертатты кезең
  • жүктілік және лактация кезеңі
  • сыртартқыдағы жүрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі
  • астениялық дене бітімі, кең таралған атеросклероз
  • несеп шығарудың бұзылу симптомдары бар қуықасты безінің гипертрофиясы
  • қуықасты безінің қатерлі ісігі (күдіктенген немесе диагностика жасалған) немесе еркектердің кеуде безінің қатерлі ісігі

Побочные действия раствора омнадрена

  • задержка натрия, хлора, калия, кальция, неорганических фосфатов и воды
  • тошнота, диарея, нарушения функции печени, повышение активности печеночных трансаминаз, печеночная пурпура или опухолевые новообразования печени
  • торможение активности плазменных факторов свертывания крови II, V, VII и X, кровотечение у больных, принимающих противосвертывающие препараты внутрь, полицитемия
  • депрессия, эмоциональные нарушения, бессонница, беспокойство, агрессия, раздражительность
  • бронхит, синусит, кашель, одышка, храпение, дисфония
  • алопеция, эритема, сыпь, в том числе папуллезная, зуд, угри, сухость кожи
  • боли в суставах, боли в конечностях, боли в мышцах; спазм и судороги мышц, повышение уровня креатинфосфокиназы в сыворотке крови
  • нарушение мочеиспускания, нарушения в мочевыводящих путях, задержка мочи, никтурия, дизурия
  • нарушение либидо (снижение или повышение)
  • головная боль, головокружение, страх, парестезии
  • повышение уровня холестерина, триглицеридов в крови
  • воспаление и болезненность в месте инъекции
  • гиперкальциемия
  • повышение артериального давления
  • повышение аппетита, повышение массы тела
  • повышение уровня простатспецифического антигена (PSA) в сыворотке крови
  • утомляемость, астения, гипергидроз, в том числе в ночное время
  • у женщин - гирсутизм, облысение по мужскому типу, угри,
  • нарушение менструального цикла, аменорея, торможение секреции гонадотропина, маскулинизация
  • у мужчин - гинекомастия, олигоспермия, нарушение сперматогенеза, простатическая интраэпителиальная неоплазия, заболевания предстательной железы, в том числе простатит, напряженность в предстательной железе, боль в яичках, боль и напряженность в молочных железах, повышение уровня эстрадиола в сыворотке крови, повышение уровня тестостерона и свободного тестостерона в сыворотке крови
  • у мальчиков – преждевременное половое созревание, преждевременное закрытие эпифизов костей
Редко
  • терапия гипогонадизма посредством замещения тестостерона в редких случаях может вызывать персистирующие болезненные эрекции (приапизм)
Очень редко
  • холестатическая желтуха
В отдельных случаях
  • нервозность
  • кратковременная непроизвольная остановка дыхания во время сна
  • повышенная частота эрекций
  • себорея
  • натрий, хлор, калий, кальций, органикалық емес фосфаттар және судың іркілуі
  • жүректің айнуы, диарея, бауыр функциясының бұзылуы, бауыр трансаминазасы белсенділігінің жоғарылауы, бауыр пурпурасы немесе бауырда ісіктің жаңа түзілімдері
  • қан ұюдың II, V, VII және X плазмалық факторлары белсенділігінің тежелуі, ұюға қарсы препараттарды ішке қабылдап жүрген науқастарда қан кету, полицитемия
  • депрессия, көңіл-күйдің бұзылуы, ұйқысыздық, мазасыздық, озбырлық, ашушаңдық
  • бронхит, синусит, жөтел, ентігу, қорылдау, дисфония
  • алопеция, эритема, бөртпе, соның ішінде папуллездік, қышыну, безеулер, терінің құрғауы
  • буындардың ауыруы, аяқ-қолдардың ауыруы, бұлшықеттің ауыруы; бұлшықеттің түйілуі және құрысуы, қан сарысуында креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы
  • несеп шығарудың бұзылуы, несеп шығару жолдарының бұзылуы, несептің кідіруі, никтурия, дизурия
  • либидоның бұзылуы (төмендеуі немесе жоғарылауы)
  • бас ауыру, бас айналу, үрейлену, парестезиялар
  • қанда холестерин, триглицеридтер деңгейлерінің жоғарылауы
  • инъекция жасаған жердің қабынуы және ауыруы
  • гиперкальциемия
  • артериялық қысымның жоғарылауы
  • тәбеттің жоғарылауы, дене салмағының артуы
  • қан сарысуында простатспецификалық антиген (PSA) деңгейінің жоғарылауы
  • қажығыштық, астения, гипергидроз, соның ішінде түнгі уақытта
  • әйелдерде - гирсутизм, еркектер сияқты таздану, безеулер, етеккір оралымының бұзылуы, аменорея, гонадотропин секрециясының тежелуі, маскулинизация
  • еркектерде - гинекомастия, олигоспермия, сперматогенездің бұзылуы, қуықасты безінің интраэпителиальді неоплазиясы, қуықасты безінің аурулары, соның ішінде простатит, қуықасты безінің кернеуі, атабездердің ауыруы, сүт бездерінің ауыруы және кернеуі, қан сарысуында эстрадиол деңгейінің жоғарылауы, қан сарысуында тестостерон және бос тестостерон деңгейінің жоғарылауы
  • ұл балаларда – мерзімінен бұрын жыныстық жетілу, сүйек эпифиздерінің мезгілінен бұрын жабылуы
Сирек
  • гипогонадизмді тестостеронды алмастыру арқылы емдеу сирек жағдайларда персистирлеуші ауыртатын эрекцияны (приапизм) тудыруы мүмкін
Өте сирек
  • холестатикалық сарғаю
Жекелеген жағдайларда
  • нервоздық
  • ұйқы кезінде тыныс алудың қысқа уақытқа еріксіз тоқтап қалуы
  • эрекция жиілігінің ұлғаюы
  • себорея

Особые указания к применению

Препарат предназначен исключительно для внутримышечных инъекций. У пациентов с раком грудной железы терапия андрогенами может быть причиной гиперкальциемии по причине стимуляции остеолиза. Это может усилить метастазирование в кости. Развивающаяся гиперкальциемия может вызвать необходимость в прекращении применения препарата. У женщин, проходящих лечение андрогенами по причине рака молочной железы, следует проводить мониторинг концентрации кальция в моче и в сыворотке крови.

У пациентов, получающих высокие дозы андрогенов, следует проводить мониторинг концентрации гемоглобина и гематокрита. Активный гепатит является основанием для отмены андрогенов и установления этиологии гепатита. Длительное использование больших доз препарата может привести к опухолевым поражениям печени. У пациентов пожилого возраста увеличивается риск наступления гиперплазии или рака предстательной железы. До и во время лечения следует оценивать состояние предстательной железы и проводить мониторинг концентрации PSA.

При развитии периферических отеков у пациентов с заболеваниями сердечно-сосудистой системы, печени или почек препарат следует отменить. Пациентам с артериальной гипертензией, мигренью, эпилепсией необходим во время лечения регулярный врачебный контроль. В случае появления болезненной эрекции необходимо отменить препарат.

Терапию андрогенами следует проводить с особой осторожностью у пациентов с замедленным половым созреванием. Следует контролировать состояние костной системы каждые 6 месяцев. Применение тестостерона в качестве допинга может быть причиной серьезных побочных явлений.

Описаны случаи увеличения риска развития апноэ во сне у пациентов, получающих лечение сложными эфирами тестостерона, особенно при наличии факторов риска (ожирение, хронические заболевания дыхательных путей). Вследствие вариабельности лабораторных показателей, определение концентрации тестостерона следует проводить в одной и той же лаборатории.

Внезапная отмена препаратов тестостерона пролонгированного действия не противопоказана и, кроме медленного возвращения симптомов гипогонадизма или синдрома ADAM ("синдром дефицита андрогенов у мужчин старшего возраста" – Androgen Deficiency in Aging Men) или PADAM ("синдром частичного дефицита андрогенов у мужчин старшего возраста" – Partial Androgen Deficiency in Aging Men) или также снижения либидо у некоторых женщин, не описаны симптомы, угрожающие жизни или здоровью. Препарат содержит арахисовое масло. Пациентам с аллергией к арахису или сое не следует использовать этот препарат.

Особенности влияния на способность управлять транспортным средством и потенциально опасными механизмами
Не влияет на способность к управлению транспортными средствами и обслуживанию движущихся механизмов. Ухудшение концентрации внимания и уменьшение скорости психомоторных реакций возможно при развитии сердечной недостаточности.
Препарат тек қана бұлшықет ішіне инъекцияға арналған. Кеуде безінің қатерлі ісігіне шалдыққан емделушілерді андрогендермен емдеу, остеолиз стимуляциясына байланысты гиперкальциемияға себепші болуы мүмкін. Бұл сүйектерде метастазалауды күшейтуі мүмкін. Дамыған гиперкальциемия препаратты қолдануды тоқтату қажеттілігін тудырады. Сүт безінің қатерлі ісігіне байланысты андрогендермен ем қабылдаған әйелдерде несептегі және қан сарысуындағы кальций концентрациясына бақылау жасаған жөн.

Андрогендердің жоғары дозаларын қабылдап жүрген емделушілерде гемоглобин мен гематокриттің концентрацияларына мониторинг жасаған жөн. Белсенді гепатит андрогендерді қабылдауды тоқтату және гепатиттің этиологиясын анықтау үшін негіз болып табылады. Препараттың үлкен дозаларын ұзақ уақыт қолдану бауырдың ісікпен зақымдануына әкеп соқтыруы мүмкін. Егде жастағы емделушілерде гиперплазияның немесе қуықасты безі қатерлі ісігінің басталу қаупі артады. Емделуге дейін және емделу кезінде қуықасты безінің жағдайына баға берген және PSA концентрациясына бақылау жасаған жөн.

Жүрек-қантамыр жүйесі, бауыр немесе бүйрек аурулары бар емделушілерде шеткергі ісінулер дамыған кезде препаратты қабылдауды тоқтату керек. Артериялық гипертензиясы, бас сақинасы, эпилепсиясы бар емделушілерді емдеу кезінде жүйелі дәрігерлік бақылау қажет болады. Ауыртатын эрекция пайда болған жағдайда препаратты тоқтату қажет. Андрогендермен емделуді жыныстық жетілуі баяулаған емделушілерге жүргізгенде аса сақ болған жөн. Сүйек жүйесінің жағдайын әрбір 6 ай сайын бақылап отырған жөн. Тестостеронды допинг ретінде қолдану ауыр жағымсыз құбылыстарға себеп болуы мүмкін.

Тестостеронның күрделі эфирлерімен ем қабылдап жүрген емделушілерде, әсіресе қауіп факторлары (семіздік, тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары) бар болғанда, ұйқы кезінде апноэнің даму қаупінің арту жағдайлары болғаны айтылған. Зертханалық көрсеткіштердің құбылмалылығы салдарынан тестостеронның концентрациясын анықтауды әрдайым бір зертханада жүргізген жөн.

Әсер етуі ұзаққа созылатын тестостерон препараттарын кенеттен тоқтату, гипогонадизм симптомдары немесе ADAM синдромының («егде жастағы еркектерде андрогендердің тапшылығы синдромы» – Androgen Deficiency in Aging Men) немесе PADAM синдромының («үлкен жастағы еркектерде андрогендердің ішінара тапшылығы синдромы» – Partial Androgen Deficiency in Aging Men) баяу оралуынан немесе кейбір әйелдерде либидоның төмендеуінен басқасында, өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін симптомдар болғаны айтылмаған. Препаратта арахис майы бар. Арахис немесе сояға аллергиясы бар емделушілерге осы препаратты пайдаланбаған жөн.

Көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралын басқару және қозғалыстағы механизмдермен қызмет көрсету қабілетіне әсер етпейді.
Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі дамыған кезде зейінді жұмылдырудың нашарлауы және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығы азаюы мүмкін.

Дозировка и способ применения

Внутримышечно. Инъекции следует вводить глубоко в ягодичную мышцу. Дозы подбираются индивидуально, в зависимости от формы заболевания и степени нарушения функции половых желез согласно клинической оценке и результатам лабораторных исследований, а также от эффективности лечения, переносимости препарата и общего течения заболевания. Обычно назначают по 1 мл 1 раз в неделю.

Первичный мужской гипогонадизм (анорхизм, синдром Кляйнфельтера, кастрационный синдром, атрофия семенных желез)
В зависимости от степени нарушения функции половых желез (согласно клинической оценке и результатам лабораторных исследований), лекарственный препарат вводят в/м один раз по 1 мл каждые 7-й, 14-й, 21-й день. В начале лечения препарат вводят каждые 7 и 14 день, а после достижения терапевтического эффекта 1 раз в 21 день.

При некоторых формах мужского бесплодия (азооспермия, олигоспермия) Омнадрен 250 назначают по 2 мл с двухнедельными интервалами.В исключительных случаях Омнадрен® 250 применяют при изменении пола по поводу различных форм гермафродитизма.
Бұлшықет ішіне. Инъекцияларды бөксе бұлшықеттеріне терең етіп енгізген жөн. Дозаны, ауру түрлеріне және жыныс бездері қызметінің бұзылу дәрежесіне байланысты және клиникалық бағалануы мен зертханалық зерттеу нәтижелеріне, сондай-ақ емдеу тиімділігіне, препараттың жағымдылығы мен аурудың жалпы барысына қарай, әр адамға жекелей таңдайды. Әдетте 1 мл-ден аптасына 1 рет тағайындайды.

Еркектегі алғашқы гипогонадизмде (анорхизм, Кляйнфельтер синдромы, кастрациялық синдром, атабездің атрофиясы)
Жыныс бездері функциясының бұзылу дәрежесіне байланысты (клиникалық бағалануына және зертханалық зерттеу нәтижелеріне қарай), дәрілік препаратты б/і әрбір 7-ші,14-ші, 21-ші күні бір рет 1 мл-ден енгізеді. Емдеудің басында препаратты әрбір 7 және 14 күндері, ал емдік әсеріне жеткеннен кейін 21 күнінде 1 рет.

Еркектер белсіздігінің кейбір түрлерінде (азооспермия, олигоспермия) Омнадрен 250 препаратын екі апталық аралықпен 2 мл-ден тағайындайды. Сирек жағдайларда Омнадрен® 250 препаратын әртүрлі гермафродитизмнің түрлеріне байланысты жынысын өзгерткен кезде қолданады.

Взаимодействие с лекарствами

Омнадрен повышает эффект непрямых антикоагулянтов, поэтому у пациентов, получающих лечение пероральными антикоагулянтами при одновременном применении андрогенов, особенно в начале лечения или после прекращения применения, необходим тщательный мониторинг системы гемостаза.

У пациентов, получающих лечение инсулином, андрогены могут снижать концентрацию глюкозы и потребность в инсулине.При совместном применении андрогенов с адренокортикотропным гормоном или глюкокортикостероидами повышается риск появления периферических отеков, особенно у людей с заболеваниями печени или сердца.

Андрогены увеличивают концентрацию одновременно применяемого оксифенбутазона. Индукторы микросомальных ферментов печени (рифампицин, барбитураты, карбамазепин, салицилаты, фенитоин и др.) при одновременном назначении могут уменьшить эффекты тестостерона.
Омнадрен тікелей емес антикоагулянттардың әсерін арттырады, сондықтан ішу арқылы қабылданатын антикоагулянттарды қабылдап жүрген емделушілерде андрогендерді бір мезгілде қолданған кезде, әсіресе емнің басында немесе қолдануды тоқтатқаннан кейін, гемостаз жүйесіне мұқият бақылау жасау қажет.

Инсулинмен ем қабылдап жүрген емделушілерде андрогендер глюкозаның концентрациясын және инсулинге қажеттілікті төмендетуі мүмкін.

Андрогендерді адренокортикотроптық гормонмен немесе глюкокортикостероидтармен біріктіріп қолданған кезде, әсіресе бауыр немесе жүрек аурулары бар адамдарда, шеткергі ісінулердің пайда болу қаупі артады.

Андрогендер бір мезгілде қолданылатын оксифенбутазонның концентрациясын арттырады. Бауырдың микросомальді ферменттерінің индукторларымен (рифампицин, барбитураттар, карбамазепин, салицилаттар, фенитоин және т.б.) бір мезгілде тағайындаған кезде тестостеронның әсері төмендеуі мүмкін.

Передозировка омнадреном в растворе

Передозировка лекарственного препарата при рекомендуемом способе применения маловероятна.

Симптомы (по причине применения слишком высокой дозы либо введения лекарственного препарата чаще одного раза в неделю):
  • продолжительная эрекция
  • хрипота, которая может привести к необратимому изменению голоса (у женщин).
Лечение: прекратить применение лекарственного препарата, провести симптоматическую терапию.
Ұсынылатын қолдану тәсілінде дәрілік препараттың артық дозалану ықтималдығы аз.

Симптомдары (өте жоғары дозаларды қолдану немесе дәрілік препаратты аптасына бір реттен жиі енгізу себебінен):
  • ұзаққа созылған эрекция
  • қарлығу, ол дауысты қайтымсыз өзгеріске ұшыратуы мүмкін (әйелдерде).
Емі: дәрілік препаратпен емдеуді тоқтату, симптоматикалық ем жүргізу керек.

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

Смесь эфиров тестостерона, содержащаяся в препарате Омнадрен® 250, приводит к различному по времени их всасыванию и выведению. Тmax тестостерона в плазме наступает в течение 24-48 часов от момента инъекции препарата и возвращается к исходному значению через 21 день после введения Омнадрена® 250.

Тестостерона пропионат после инъекции сразу проявляет свое действие, продолжающееся на протяжении 24 часов. Тестостерона изокапронат и тестостерона фенилпропионат начинают оказывать свое действие через 24 часа, которое сохраняется приблизительно 2 недели.

Тестостерона капринат начинает действовать в период, когда прекращается действие тестостерона изокапроната и тестостерона фенилпропионата, и продолжается до 2 недель.

В крови тестостерон приблизительно на 98% связывается со специфической фракцией глобулинов, связывающих тестостерон и эстрадиол. Тестостерон биотрансформируется в печени до производных 17-кетостероидов, которые после связывания с глюкуроновой или серной кислотой выводятся с мочой, приблизительно на 90%. В тоже время 6% введенной дозы выводится с калом в несвязанной форме.
Омнадрен® 250 препараты құрамында болатын тестостерон эфирлерінің қоспасы олардың сіңу және шығарылу уақытының әртүрлі болуына әкеледі. Плазмада тестостеронның Тmax препарат инъекциясынан кейін 24-48 сағат ішінде басталады және бастапқы мәніне Омнадрен® 250 препаратын енгізгеннен кейін 21 күннен соң оралады.

Тестостерон пропионаты инъекциядан кейін 24 сағатқа созылатын өзінің әсерін көрсетеді. Тестостерон изокапронаты және тестостерон фенилпропионаты өзінің әсерін 24 сағаттан кейін бастайды, ол шамамен 2 апта сақталады. Тестостерон капринаты тестостерон изокапронаты мен тестостерон фенилпропионатының әсері тоқтаған кезеңде әсер ете бастайды және 2 аптаға дейін сақталады.

Қанда тестостерон тестостерон мен эстрадиолмен байланысатын глобулиндердің спецификалық фракциясымен шамамен 98%-ға байланысады. Тестостерон бауырда 17-кетостероид туындыларына дейін биоөзгеріске ұшырайды, олар глюкурон немесе күкірт қышқылымен байланысқаннан кейін несеппен бірге, шамамен 90%-ы шығарылады. Сол уақытта енгізілген дозаның 6%-ы нәжіспен бірге байланыспаған күйінде шығарылады.

Фармакодинамика

Омнадрен® 250 является комплексом эфиров тестостерона в форме пропионата, фенилпропионата, изокапроната и деканоата.

Тестостерон является натуральным андрогенным гормоном, образующимся у мужчин в клетках Лейдига семенников. Играет основную роль в стимулировании и поддержании половой функции у мужчин. Вызывает рост половых желез, предстательной железы, семенных пузырьков, влияет на сперматогенез, инициирует развитие вторичных половых признаков.

Тестостерон, как у мужчин, так и у женщин, проявляет анаболическое действие, ведет к увеличению мышечной массы, увеличивает минеральную плотность костей, потенцирует образование эритропоэтина в почках, повышает концентрацию гемоглобина.

У мужчин с недостаточностью гипофиза, тестостерон устраняет симптомы гипогонадизма. Лекарственный препарат неэффективен для лечения импотенции, не связанной с гипогонадизмом.

У женщин тестостерон проявляет антагонизм по отношению к эстрогенам, угнетает секрецию гонадотропинов из гипофиза, угнетает лактацию. Во время лечения может вызывать андрогенизацию.
Омнадрен® 250 пропионат, фенилпропионат, изокапронат және деканоат түріндегі тестостерон эфирлерінің кешені болып табылады.

Тестостерон еркектердің атабезінің Лейдиг жасушаларында пайда болатын табиғи андрогендік гормон болып табылады. Еркектерде жыныстық қызметті ынталандыруда және демеуде негізгі рөл атқарады. Жыныс бездерінің, қуықасты безінің, ұрық қуықшасының өсуін туындатады, сперматогенезге ықпалын тигізеді, екіншілік жыныстық белгілердің дамуын ынталандырады.

Тестостерон, еркектерде де, сондай-ақ әйелдерде де анаболиялық әсер береді, бұлшықет салмағын арттырады, сүйектердің минералдық тығыздығын арттырады, бүйректерде эритропоэтиннің түзілуін потенциялайды, гемоглобиннің концентрациясын жоғарылатады.

Гипофиз қызметі жеткіліксіз болатын еркектерде тестостерон гипогонадизм симптомдарын қайтарады. Дәрілік препарат гипогонадизммен байланысты емес импотенцияны емдеу үшін тиімсіз.

Әйелдерде тестостерон эстрогендерге антагонизм танытады, гипофизден гонадотропиндердің секрециясын басады, лактацияны төмендетеді. Емдеу кезінде андрогенизацияны тудыруы мүмкін.

Упаковка и форма выпуска

По 1 мл в ампулах из бесцветного стекла, с коричневой полоской. По 5 ампул вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках в литографированной картонной коробке.
Қоңыр жолағы бар, түссіз шыныдан жасалған ампулаларда 1 мл-ден. 5 ампуладан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге литографирленген картон қорапта.